Ұлықбек Жақсылықұлы Жаңабаев - 1971 жылы 11 қазанда Шымкент қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Жаңабаев Жақсылық Жұмаділұлы, техника ғылымдарының академигі, профессоры, докторы, Оңтүстік Қазақстан төхникалық университетінің кафедра меңгерушісі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Жоғары білім беру ісінің үздігі. Анасы - Жаңабаева Әлима Әліпқызы, зейнеткер, қалалық емханада мейірбике болып жұмыс істеген. Хронологиясы Қазақ химия-технология университетін (1993) «Химиялық өндірістердің және құрылыс материалдары кәсіпорындарының мәшинелері мен аппараттары» мамандығы бойынша; Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін (1997) «Халықаралық экономикалық қатынастар жөніндегі экономист» мамандығы бойынша; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2004) «Заң ғылымдары» мамандығы бойынша; Ресей кеден академиясын үздік (2006) «Кеден ісі» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1993 жылдан - Оңтүстік аймақтық кеден инспекторы. 1994 жылдан - ОҚО бойынша Кеден басқармасының аға инспекторы, 1995 жылдан - экспорттық-импорттық операцияларды бақылау бөлімінің бастығы м.а., 1996 жылдың ақпанынан - кедендік бекеттің бас инспекторы, 1996 жылдың мамырынан - акцизделген тауарлармен жұмыс бөлімінің аға инспекторы, 1996 жылдың қарашасынан - кедендік төлемдер бөлімінің инспекторы, 1997 жылдан - ОҚО бойынша Кеден басқармасы жолаушылар бөлімінің инспекторы. 1998 жылдан - ОҚО бойынша Бас кеден басқармасының кедендік төлөмдер және валюталық бақылау бөлімінің бастығы. 2000 жылдан - ОҚО бойынша Кеден басқармасы бастығының орынбасары. 2002 жылдан - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы. 2008 жылдың қаңтарынан бері - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы. Жетістіктері «Құрмет» орденімен (2005); ОҚО бойынша Бас кеден басқармасының «ҚР кеден қызметіне 10 жыл» (2001), ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 3-ші дәрежелі «Кеден органдарындағы үздік қызметі үшін» (2004), ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің 2-ші дәрежелі «Кеден органдарындағы үздік қызметі үшін» (2008), «Кеден қызметінің үздігі» (2010) белгілерімен; ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Кеден комитетінің (1998, 2001), ОҚО бойынша Бас кеден басқармасының (1999) құрмет грамоталарымен, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының (2007) грамотасымен марапатталған.
Әскери атағы - полковник. Діни көзқарасы - ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемдік ықпалы бар күшті Орталық Азиялық мемлекет, XXI ғасыр - Қазақстан үшін алтын ғасыр, адамгершілік аймағындағы келешек жаңа өрлеулердің, зиялы зерделілік пен даналықтың орталығы, барлықсалада кемеңгер, текті адамдардыңелі». Хоббиі - балық аулау, белсенді демалыс, футбол, құс- тармен (көгершіндермен) әуестену. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи және шытырман оқиғалы шығармалар. Үйленген. Жұбайы - Жаңабаева Айгүл Ерғалиқызы. Қыздары - Жаңабай Ақбота ¥лықбекқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті; Жаңабаева Әйгерім Ұлықбекқызы; ұлдары - Жұмаділ Ақәділ Ұлықбекұлы, Жақсылық Нұрбек Ұлықбекұлы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар