Бегімше Бексұлтанұлы Жүзенов (12 мамыр, 1949 жыл, Түркістан облысы Келес ауданы, Чапаев атындағы кеңшар) - Кентау қаласының әкімі (2001-2003), Техника ғылымдарының кандидаты (1990).

Өмірбаяны Ташкент автомобиль-жол институтын бітірген (1975), инженер-механик. 1966 жылдан - Шымкент облысы Шардара ауданының Т. Бигелдинов атындағы ОМ электрслесарі. 1968 жылдан - Ташкент автомобиль-жол институтының студенті. 1973 жылдан - Ташкент тәжірибелік жобалау аймақтық ғылыми зерттеу институтының инженер-механигі. 1976 жылдан- №2 Шымкент автокомбинаты гаражының бастығы. 1979 - 1981 жылдары - №1 Шымкент автокөлік кәсіпорнының бас инженері. 1982 жылдың наурызынан - №2 Шымкент автокомбинатының бас инженері. 1982 жылдың желтоқсанынан - №2580 Шымкент автоколоннасының бас инженері. 1984 жылдан - №4 Шымкент автокомбинатының бастығы. 1990 жылдан - «Чимкар» БК (Шымкент қ.) бас директоры. 1998 жылдан - ОҚО әкімінің орынбасары. 2001 жылдан - ОҚО Кентау қаласының әкімі. 2003 жылдың маусымынан - ОҚО бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры. 2003 жылдың қыркүйегінен - ОҚО бойынша Мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы. 2005 жылдан - ОҚО бойынша ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті басқармасының бастығы. 2008 жылдың мамырынан бері - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу жәнеи метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің директоры.

Ғылыми еңбектері

Техника ғылымдарының кандидаты (1990). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Автомобиль көлігі қызметінің пайдалануын және экологиялық тиімділігін бағалау әдістерін зерттеу және жетілдіру». «Автомобиль көлігі шығарылымын есептеу әдістемесі» (1989) «Дизельдердің өндірілген газдарының канцерогенділігіне отынның фракциондық құрамының тигізетін әcepi» (1989) «Автокөлік кәсіпорындарының тасымалдау мүмкіндіктерінің қалыптасу заңдылықтары және оларды зерттеу әдістері» (1989) «Автокөлік кәсіпорындарының тасымалдау мүмкіндіктері және оларды зерттеу әдістері» (1989) «Автомобиль автокөлігіне толассыз есеп айырысуды енгізу үшін әдістемелік ұсынымдар» (1987) еңбектерінің авторы. «Қысқы уақытта түрақтау аймағында күш агрегатының температуралық режимін сақтауға арналған құрылғы» өнертабысының (1988) иегері.

Жетістіктері

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. Кентау қаласының құрметті азаматы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:12 мамырда туғандар Санат:1949 жылы туғандар Санат:Келес ауданында туғандар Санат:Ташкент автомобиль-жол институты түлектері Санат:Техника ғылымдарының кандидаттары Санат:Кентау әкімдері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Кентау қаласының құрметті азаматтары