Дәулетбек Таңатұлы Мақаш (1955-2004), журналист.
Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген (1982). 1982-1991 ж. және 1999 жылдан Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1991-96 ж. республикалық «Халық кеңесі» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі. 1997-99 ж. ҚарМУ-дің «Қарағанды университеті» газетінің редакторы. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1990).
Шығармалары «Жүрегімде айтылмаған сыр қалды», «Жазылар естеліктер мен туралы» (2005) кітаптарына топтастырылды.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1955 жылы туғандар Санат:2004 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қарағанды облысы тұлғалары