Молодёжный — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы кент.

Тарихы Іргесі 1962 жылы Ертіс-Қарағанды каналының құрылысы кезінде қаланған. 1972 жылы Молодёжный ауданы құрылып, Молодёжный кенті аудан орталығы болып бекітілген. 1997 жылы ауданның жабылуына байланысты Молодёжный кенті Осакаров ауданының құрамына кірді. Жерінің жалпы ауданы 1,1 мың га. Кентте 2 ірі кәсіпорын, 5 ЖШС жұмыс істейді.

Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен шығысқа қарай 70 км-дей жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен68176139 5806 94,6 2890 2770 95,8 3249 3036 93,4

Инфрақұрылымы 2 балабақша, 2 орта мектеп, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, көпшілік және балалар кітапханасы, спорт кешені, саз мектебі, 70 орынды аурухана, емхана, ОДА, 5 дәріхана, медени-ағарту орталығы, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету орындары қызмет істейді. Облыс орталығымен және басқа елді мекендермен автомобиль тас жолдары арқылы байланысады. Молодежный кенті арқылы Қарағанды-Павлодар тас жолдары өтеді.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Осакаров ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері