Шырайсүзгі (Люминоскоп) — заттардың ультракүлгін сәулелер жағдайында шырайлану қабілетін саралау мақсатында әдейі жасақталған аспап; басты-басты үш бөліктен тұрады: ультракүлгін сәуле туғызатын түйін; көріністі сәулелерді тұтып қалатын, ультракүлгін сәулелерді кедергісіз өткізетін жарықсүзгі; шырайлану қабілеті анықталмақ затты орыналастыратын қараңғы камера.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ