Топар — Қарағанды облысы Абай ауданындағы кент. 1973-1997 жылдары Мичурин (қазіргі Абай) ауданының орталығы.Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы
Географиялық орны Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстікке қарай 14 км-дей жерде.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен9565 9314 9329 100,2 4345 4340 99,9 4969 4989 100,4
Тарихы Іргесі 1953 жылы Қарағанды ГРЭС-2 салынуына байланысты қаланған. 1963 жылдан қала үлгісіндегі кент. Жерінің жалпы ауданы-1,7 мың га.
Кәсіпорындары, инфрақұрылымы Кентте ірі кәсіпорын ГРЭС («Қазақмыс» корпорациясы) электр стансасы жұмыс істейді. ГРЭС-тің қарамағында қалааралық кәсіпорын «Жылы жай комбинаты» орналасқан. 160 орынды «Искорка» лагері, 2 дәрігерлік бөлімше, 120 орынды жатақхана, 510 орынды Энергетиктер мәдениет үйі, 140 орынды «Огонек» балабақшасы, балық шаруашылығы, спорт клубы, 3 орта мектеп, 1 кәсіпкерлік мектеп, аурухана, өнер мектебі, кітапхана, темір жол стансациясы бар. Кент басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Облыс, аудан, ауыл орталықтарымен арнаулы кесте бойынша автобус қатынайды. 1973-1997 жылдары Мичурин ауданының орталығы болды.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері