Мәміле валютасы сыртқы сауда келісімшартында тауардың бағасын белгілейтін немесе берілген халықаралық несиенің сомасын көрсететін валюта. Экспорттаушының немесе несие берушінің валютасы да, импорттаушының немесе қарыз берушінің валютасы да, сондай-ақ үшінші бір елдің немесе жасанды есеп бірлігі де келісім валютасы бола алады. Әдетте, халықаралық есеп айырысу құралы ретінде пайдаланылатын салыстырмалы түрде тұрақты валюталар келісім валютасы болып табылады. Шартқа төлем валютасынан өзгеше келісім валютасының енгізілуі валюталық тәуекелден сақтану әдістерінің бірі ретінде қызмет етеді.Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9

Дереккөздер

Санат:Экономикалық терминдер Санат:Банк терминдері