Көшеге көрнекті жазушы, жалынды публицист, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаруымен де, қаламымен де ел қорғаған батыр Баубек Бұлқышевтың есімі (Алматы қаласы мәслихаты мен Алматы қаласы әкімінің 20.03.2000 № 279 қаулысы) берілген. Баубек Бұлқышевтың (1916-1944) «Өмір сүргім келеді»,»«Адамзатқа хат», «Шығыс ұлына хат» атты шағын жанрдағы шығармалары шынайылығымен ерекшеленеді. Олар Ұлы Отан соғысы кезінде жауынгерлерді рухтандырып отырған. «Алматы - менің туған қалам» деген бітпей қалған романы және «Айсұлу» деген поэмасы бар.

Көше Жетісу ауданында орналасқан. Қазыбаев көшесінен басталып Сейфуллин даңғылына дейін созылып жатыр. Көшенің ұзындығы - 500 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0

Дереккөздер

Санат:Алматы көшелері