Еркеш Таушкин (1924-1991), кенші, еңбек озаты.

Өмірбаяны № 31 шахтада (кейін Горбачев атындағы шахта) көмір құлатушы 1946-1962 жылдарында көмір комбайнының машинисі, бригадир 1962-1974 жылдарында учаске бастығының орынбасары.

Жетістіктері 1957 жылында Таушкиннің, В.Кимнің және И.Сованың бригадалары «Донбасс» комбайнымен айына 28025 т көмір өндіріп, бүкіл одақтық рекорд жасады. Осы шахтадағы әріптестері 1957 және 1961 жылында бұл нәтижені 30524 және 48415 т деңгейіне көтеріп, әлемдік рекордты жаңартты. Таушкин 1972 жылында атақты шахтер А.Стахановпен жарысқа түсіп, тәжірибе алмасты. 5-шақырылған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің (1958-1962) депутаты.

Марапаттары ҚазКСР-інің еңбек сініргенкеншісі (1961) КСРО құрметті шахтері. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. БХШЖ көрмесінің алтын медалімен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1924 жылы туғандар Санат:1991 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан кеншілері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген кеншілері Санат:КСРО құрметті шахтерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі алтын медалінің иегерлері Санат:Қарағанды облысы тұлғалары