Ташық бөгені — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы жерінде. 1960-жылдардың аяқ кезінде Ащысу өзенінің бойыңда, Ащысу бөгенінен 20 км жоғарырақ салынған.
Гидрологиялық сипаты Су айдынының ауданы — 250 га, 6 млн м3-ге жуық су сыяды, ең терең жері 5,5 м. Суы тұщы. Суында қара балық, табан, шабақ т.б. балықтар кездеседі. Мұнда жыл сайын 2,5 т-ға дейін балық ауланады. Бөген егістік жерді суландыруға және балық өсіру үшін қолданылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы гидрографиясы