ЫТүскен Сартбасұлы (1879-1938), төкпе ақын, қазақша-орысша сауатты адам болған, ел билігіне араласкан. Жаңаарқаның түлегі. Руы — Барқы Ақтайлақ. Әкесі Сарбас.
1916 жылы халық көтерілісіне Барқы руынан қатысқан жігіттердің жүзбасы болған.
1920 жылы Ақмоладан орыс мұғалімін жалдап әкеліп ауылында мектеп ашқан.
Талантты ақын Кеңес үкіметінің саясатын ұға алмай, өзінің бұл саясатпен келіспейтінін білдірген өлеңдер жаза бастайды. «Кедей» поэмасыңда «Жылынан он жетінің бермен карай, Жыртылмай бүтін қалған жағаң бар ма?» деген жолдар кездеседі. 1929 жылы Ақмола түрмесінде жатқанда, Еңлік — Кебекті ат кұйрығына байлап өлтіргенде, бесікте калған бала тағдырына байланысты «Ермек» деген поэма жазған. «Қисаймас қызарғанға калам бар ма?», «Зәйира жаным, Күләйша», «Асарсың кедей», «Иттің сыны», «Бүркітгің сыны» т. б. өлеңдері ел ішіне кеңінен таралған. Түскеннің өлеңін жатқа білетін Қошанов Қамар, Сеспайдың Мұқридені сияқтылардан хатқа түсіріп немесе үнтаспаға жазып алған ешкім болмаған. Заман ағымына еріксіз мойынсұнған Түскен ақынның 1934-36 жылдар арасында кеңестік кұрылысты мәнерлеп жазған өлеңдері «Қарағанды пролетариаты» газетіне басылып тұрған.
Түскен Жаңаарка ауданында «халық жаулары» ұстала бастағаңда қашып Петропавлға барған, содан 1938 жылы ұсталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер