Ұлбосын Ахметжанқызы Жанпейісова (1955 қаңтардың 15-інде Қызылорда қаласында туған) – педагогика ғылымдарының докторы (1999), професор (2000).

Қысқаша өмірбаяны

1976 - Қазіргі Қазақ ұлттық педагогика университетін бітірген. 1976–79 - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында мектеп мұғалімі; 1979–87 - Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтында аспирант, аға ғылыми қызметкер болды. 1987 жылдан - ҚазПИ-де доцент, професор, кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Қазақ мектептерінде орыс тілін оқытудың теориялық негіздері (лексикалық аспектісі)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

150-ден астам ғылыми мақаланың, монография, әдістемелік құралдар мен сөздіктердің авторы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қызылорда облысында туғандар Санат:1955 жылы туғандар Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар