Көшеге аса талантты кино режиссері, КСРО халық артисі, театр және кино актері, қоғам қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 14.07. 1972 №02-10/993 шешімі) берілген. Шәкен Кенжетайұлы Айманов (1914-1970) Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол «Қазақфильм» киностудиясына басшылық еткен, «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» секілді көптеген кино-туындылардың режиссері.

Көше Бостандық және Алмалы аудандарында, Төле би даңғылынан басталып, Байқадамов көшесіне дейін созылып жатыр. Айманов көшесі

Бөгенбай батыр, Жамбыл, Шевченко, Құрманғазы, Абай, Мыңбаев, Сәтбаев, Жандосов, Тимирязев

- көшелері мен даңғылдарын қиып өтеді.

Бұрынғы атауы - 11-ші линия көшесі. Көшенің ұзындығы - 4900 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0 нобай

Дереккөздер

Санат:Алматы көшелері