Суспензиядан тұнбаға түскен шөгіндінің салмағын өлшеу арқылы таужыныстың түйірөлшемдік құрамын анықтау үшін қолданылатын аспап. Іс-тәжрибеде бірнеше түрлері пайдаланылады: Свен-Оденнің қосиықты "түзілімөлшеу таразысы"; бұл аспапта шөгінді таразы табақшасына түседі де, оның салмағы автоматты түрде мезгіл-мезгіл өлшеніп, нәтижесі тіркеліп отырады; Фигуровскийдің "гидростатикалық таразысы" шыныдан немесе кварцтан жасалған таяқшалардың серпінділік қасиетін пайдалануға негізделген; аталған таяқшаның тұнбаға түскен шөгінділер әсерінен деформацияға ұшырауы сол шөгінділердің түйірлік құрамын анықтауға мүмкіндік береді; "Стейрманд аспабы"; әдейі жасақталған түзілімдену құбырына түскен шөгінді салмағы мезгіл-мезгіл өлшенеді де, әрбір сынама құрамындағы түйірлердің мөлшері Стокс заңына сәйкес есептеліп шығарылады; түзілімдену құбырына "торизондық таразылар" орнатылған арнаулы аспап, оның көмегімен шөгіңді салмағы мезгіл-мезгіл өлшеніп отырады.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Мұнай және газ геологиясы Санат:Терминология Санат:Геология