right|thumbКөшеге белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Сейітқали Меңдешевтің есімі 1997 жылы берілді. Меңдешев Сейітқали (1882-1937) Бөкей Ордасы Қамаш-Самар уезінде (қазіргі Батыс Қазақстан облысы) дүниеге келген. Ол 1920-1925 жылдары Орталық Атқару комитетінің төрағасы, Халық ағарту комиссары, Республиканың ғылым істері жөніндегі комитет төрағасы қызметтерін атқарған. Көше Түрксіб ауданында орналасқан. Көшенің ұзындығы - 620 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері