thumb|150px|alt=A.| Эвбея. thumb|150px| alt=A.| Эвбея. thumb|150px| alt=A.| Эвбея. Эвбея () — Грекиядағы Эгей теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына таяу орналасқан арал, Грекияға қарайды. Балқан түбегінің шығыс жағалауы бойымен 170 км-ге созылған. Құрлықпен көпір арқылы жалғастырылған. Аумағы 3,9 мың км². Жағалары тік жарқабақты, саяз қойнаулы. Негізінен әктастан түзілген. Жер бедерінде тектоникалық қазаншұңқырлар үстінде қалыптасқан жағалау және ішкі жазықтармен бөлінген үстірттер басым. Ең биік жері Дирфис тауы (биіктігі 1743 м). Жерортатеңіздік бұталар мен орман өседі. Егін (бидай, жүзім) және зәйтүн бағы өсіріледі. Басты қаласы – Халкис.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Дереккөздер
Санат:Эгей теңізі аралдары Санат:Грекия аралдары Санат:Солтүстік Спорадалар Санат:Эвбея