Василий Кузьмич Акулинцев (1916-1993), инженер-металлург, партия қызметкері.

Магнитогорск кен-металлургия институтын бітірген (1941). Златоуст металлургия зауытында, цех мастері, ауысым бастығы, Енакиев металлургия зауытында партком хатшысы, 1950-52 ж. Украина КП Енакиев калкомының хатшысы. 1952-1962 ж. Түркіменстан КП ОК бөлім меңгерушісі, хатшысы, Түркімен КСР халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы болады. 1962-65 ж. КОКП ОК Орта Азия бюросы төрағасының орынбасары, КОКП ОК инспекторы. 1968 жылғы ақпаннан 1979 жылғы тамызға дейін 11,5 жыл Қарағанды облыстық партия комитетінің 1-хатшысы болды. Акулинцев облыстың 1-басшысы ретінде өлкенің экономикалық және әлеуметтік дамуына үлкен үлес қосты.

2 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Октябрь революциясы ордендерімен марапатталған.

6-10 шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, партия съездерінің делегаты болып бірнеше мәрте сайланды.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1916 жылы туғандар Санат:1993 жылы қайтыс болғандар Санат:Магнитогорск кен-металлургия институты түлектері Санат:Қазақстан КП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары