thumb|175px| alt=A.| Эгирин.

Эгирин (скандинавиялықтардың мифологиясындағы “Теңіз тәңірі” Эгира есіміне байланысты аталған), акмит – тізбекті силикаттар класына жататын минерал. Химиялық формуласы: NaFe[Sі2O6]. Моноклиндік сигонияда кристалданады. Жеке кристалдары ұзын призма, баған, ине тәрізді, минералдық агрегаттары тұтас түйірлі масса түрінде келеді. Түсі қызғылт қоңыр, қанық жасыл, кейде түссіз, шыныдай жылтыр. Қатт. Моос шкаласы бойынша 6 – 6,5, тығыздығы 3,5 – 3,6 г/см3, морт сынғыш. Сілтілі сиениттерде, граниттерде, темірлі кварциттерде екі парагенетикалық топта кездеседі: 1) нефелин мен калийлі дала шпаттарында; 2) кварц пен альбитте.

Құрамында Эгирині бар тау жыныстары құрылыста әрлеу тасы ретінде қолданылады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

Дереккөздер

Санат:Силикат минералдар Санат:Пироксендер Санат:Темір минералдары Санат:Натрий минералдары