Алтын ескертпе - халықаралық несие, төлем және сауда келісімдері мен шарттарына енгізілетін қорғану ескертпелерінің бір түрі. Онда, әдетте, төлем валютасының құнсыздануынан зиян шекпеу үшін оның алтынға балағандағы құны белгіленеді. Ақша бірлігінің алтынға балағандағы құны өзгерген жағдайда, тиісгі валютамен жүргізілетін төлем сомасы да өзгереді.Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9

Дереккөздер

Санат:Экономика Санат:Банк терминдері