Пьезометрлік арын - Ұңғымаға қойнауқаттан ағып келген сұйық бағаны тудыратын арын. Бұл арын (Н) шартты түрде алынған жазықтық (нөлдік жазықтық) үстіндегі пьезометрлік (һ) және геометриялық (z) биіктіктердің қосындысына тең (H=h+z).Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ