Жанартаутекті-шөгінді сынықты таужыныстар - Жаратылысы жанартаутекті және шөгінді сынықтардың қоспасынан құралған таужыныстар тобы. Бұларға жататындар: 1) шөгінді-туфогендік таужыныстар, яки туффиттер (пирокластикалық материалдар мөлшері 50-90 % аралығында); 2) туфогендік-шөгінді таужыныстар (пирокластикалық материалдар мөлшері 10-50 % аралығында); 3) жанартаумикті таужыныстар(пирокластикалық материалдың шайылу және сұрыпталу белгілері байқалады); бұларды құрайтын сынықтардың жанартау өнімдерінен тұратындығы болмаса, олар таза шөгінді таужыныстарға жатады.

Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0 Дереккөздер

Санат:Геология Санат:Мұнай және газ