Бұрынғы атауы Самоцветный көшесі. Адырна көшесі Құлагер көшесінен басталады. Ұзындығы - 344,2 м.

Адырна - қазақтың көп ішекті шертпелі саз аспабы. Аспайтын шанағы қуыс, беті терімен қапталады. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып немесе шертіп ойнайды. Адырна қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауда қолданылады.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер