right|thumbКөшеге қазақтың қаһарман мерген қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың есімі (Алматы қаласы әкімінің 19.06.1995 № 137 шешімі) берілген. Молдағұлова Әлия (1924-1944) Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ мекенінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысында Псков облысы Новосокольники ауданында Казачиха деревнясында қаза тапқан. Көше Жетісу, Алатау аудандарын қиып өтеді. Көшенің ұзындығы - 1350 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0

Дереккөздер

Санат:Алматы көшелері