Майтөбе көшесі (Астана)бұрынғы атауы Воронежский көшесі. Майтөбе көшесі Ағадыр көшесінен басталып, Сарықұм көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 666,5 метр. Майтөбе - айналасы дуалмен қоршалған бекіністі мекен, дуалдың құлаған орны қазір төбе болып жатыр. Кейбір деректер мен төбе үстінен теріп алынған ыдыс-аяқтар сынықтарына қарағанда, Майтөбе тұрғындары ХІ-ХУ ғасырларда өмір сүрген. Қазір осы аттас Жамбыл облысы, Талас ауданында ауыл бар.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері