Константин Михайлович Рауш (1888, Вильнюс - 1976) - режиссер, актер, ҚазКСР еңбек сіңірген артисі (1940).
1918 жылдан РКФСР, УКС театрларыңда істеген. 1937-1960 ж. К.С. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрында режиссер және актер, 1937-1951 ж. көркемдік жетекшісі. Таңдаулы спектакльдері: М. Горькийдің «Соңғылары» (1937), О. Бальзактың «Өгей шешесі» (1938), Л. Толстойдың «Тірі өлігі» (1939), У.Шекспирдін «Гамлеті» (1940), А.Островскийдін «Жазықсыз жапа шеккендері» (1941), П. О. Бомаршенің «Фигароның үйленуі» (1941), А. Грибоедовтің «Ақылдының азабы» (1944), М. Лермонтовтың «Маскарады» (1948), А. Островскийдың «Соңғы кұрбандығы» (1949), А. Чеховтін «Шағаласы» (1956). Тандаулы рөлдері: Беркутов А. Островскийдың, («Қасқыр мен қойында»), Джон Гармон (Ч. Диккенстің «Гармон мұрасыңда»), Звонцов (М. Горькийдің «Егор Булычев және басқаларында»), Гамлет(У. Шекспирдің «Гамлетінде»), дон Базйлио (П. О. Бомаршенін «Севиль шаштаразында»), генерал Людендорф (И. Сельвинскийдің «Генерал Брусиловыңда»), Курт (Л. Хельманның «Фарелливилласында»), Соррини (М. Лермонтовтың «Испандықтарында»), Лавр Миронович (А. Островскийдің «Соңғы құрбандығында»)Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5.
Дереккөздер
Санат:1888 жылы туғандар Санат:Вильнюсте туғандар Санат:1976 жылы қайтыс болғандар Санат:Ресей актерлері Санат:Қазақстан актерлері Санат:КСРО актерлері Санат:Ресей шахматшылары Санат:КСРО шахматшылары Санат:КСРО режиссёрлері Санат:К.С. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театры актерлері