Металдар мен қорытпалардың құйылғыштық қасиеттері - металдардың және қорытпалардың құю қорамасына құйған кезде ақаусыз (қаяусыз, жарықшасыз, кеуексіз т.б.) құймалардың қалыптасуына икемділігін сипаттайтын физика-химиялық жөне арнайы технологиялық қасиеттері.

Құйылғыштық қасиеттердің ең маңыздылары: сұйық-аққыштық, көлемді және сызықты шөгуі, құйманың қимасы бойынша біртекті болмауы (ликвация) және біртексіз қатпарлануға икемділігі. Металдар мен қорытпалардың құйылғыштық қасиеттері негізінен олардың химиялық құрамдары мен ішкі құрылымдарына байланысты.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.

Дереккөздер

Санат:Металдар