Айтқұл Ошқаров (23. 2.1930 жылы туған, Түркістан облысы, Бөген ауданы — 17. 3. 1979) — тіл білімі маманы, педагогика ғылыми кандидаты (1970), доцент. Шымкент педагогика училищесін (1949), Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ды (1955) бітірген. 1949—1950 жылдары бастауыш класс мұғалімі. 1955—1960 жылдары мектептерде оқу ісінің меңгерушісі, директор. 1963—1966 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеуші институтында аспирантурасы. Өмірінің соңғы күндеріне дейін Шымкент педагогика институтының педагогика кафедрасында доцент қызметін атқарды. "Қазақ мектептерінде етістікті оқытудың әдістемесі" деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған. Қазақ тілінің оқыту әдістемесі жөнінде 10-нан аса мақалалардың авторы.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3 “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Қазақ тілін зерттеушілер