thumb|Шри-Ланка Шри-Ланка өнері. Көптеген өнер тарихшылары Шри Ланка (Цейлон аралы) өнерін уақыт жағынан да, стилистика, мазмұны жағынан да үнді өнерінің кұрамдас бөлігі деп ұшқары тұжырым жасап жүр. Ал, шын мәнінде, бұл аралда әлеуметтік, экономикалық саяси өмірі дербестігіне қол жеткізген, сондай-ақ көркем творчество саласында да елеулі өзіндік ерекшелігін және ұлттық өзгешелігін сақтап қалған мемлекеттік тіпті Маурьялар дәуірінен де бұрын болғаны анықталып отыр. thumb|300px Аралдың тұрғын халқы Солтүстік Үндістаннан тым ертеде жер ауып келген, әрі үнді-европалық тілдерге жататын сингал тілін ала келген халық пен бұл жаққа кейінірек келгендерден тұрады. Бүл кейінгілер негізінен үнділік оңтүстіктен келгендер, қазіргі Шри Ланканың негізгі тамильдік бөлегін құрайтындар. Орталық Цейлон тауларында британдықтар билік құрған дәуірге дейін Канди мемлекеті өмір сүріп, соңғы ортағасырлық сингал өнері, ең алдымен, ағаштан түйін түйген өнер негізінде дамып, көптеген тамаша туындыларды өмірге әкелген болса да, 1500 жылдан 1948 жылға дейін төрт жарым ғасыр бойына созылған португалдықтардың, голландықтар мен ағылшындардың отарлық езгісі мен қанауы бұл аралдың өнері мен мәдениетіне орасан нұқсан келтірді.Біздерге үздіксіз дамыған және шамамен екі ғасыр бойына нығая түсіп дәстүрлердің болғанын білдіретін сәулет, мүсіннің, кескіндеме мен қолөнердің көптеген туындылары жетіп отыр. Цейлонның буддалық монахтары өз өнерінің және тарихының әдеби-тарихи документтері сақталуына да қамқорлық жасаған: ол біздің дәуіріміздің V ғасырында дүниеге келген (көне куәлардың негіздегеніндей) және жаңа дәуірде одаң әрі жалғастырылған («Махавамо хроникасы», т. б.). Бұл цейлон өнерінің Үндістан өнерімен қаншалықты дәрежеде байланысты дамығанына жекелеген кезеңдердің тарихи процесі арқылы сын көзбен қарауымызға мүмкіндік береді. thumb|left|250px Цейлон өнерінің хронологиясы салыстырмалы түрғыдан алғанда біршама толық және нақтылығымен белгілі. Астаналар алмасуына байланысты — Анурадхапура мен Полоннарува — екі кезеңге бөлінеді: Анурадхапураның ертедегі кезеңі (біздің дәуірімізге дейінгі III ғасыр — біздің дәуіріміздің шамамен 400 жылдары) мен Анурадхапураның кейініректегі кезеңі (шамамен 400 жылдар — X ғасырдың аяғы, аралды Оңтүстік Үндістандағы Чолдар отряды жаулап алғанға дейін) Полоннарува кезеңі (шамамен 100 — 1350 жылдар).

Полоннарува құлдырағаннан кейін арал аймақтық бөліктерге бөлінеді де, астаналар жедел алмасып тұрады. Жергілікті өнердің (осы заманғы өнерді айтпағанда) кейініректегі фазасы — Канди кезеңі — орталық Дәуірде аяқталады, бұл дәуір осы кезеңге ат берген арал орталығындағы соңғы астанасы Канди қаласы құлағанға дейінгі уақытты қамтиды.

Цейлонның ең көне ескерткіштері — буддалық зор символикалық күмбездер; мұнда оларды дагобалар деп атайды. Сингал патшалығының бірінші астанасы Анурадхапурада біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырдан бастап Тхупарама, Махатхупа, Абхаягири, Джетаванарама сияқты әйгілі құрылыстар салынды. Бұлар көлемі жөнінен Мысыр пирамидаларына жақын жартылай сфералы қоңырау бейнелі, кірпіштен қаланған монументті құрылыстар болып саналады.

thumb|left|Будда мүсіні Символикалық күмбездер буддалық монастырь комплекстерінің негізгі бөлігі болып келеді. Бұл қүдайдың тұрағы храм емес, Будданың құрметіне салынған құрылыс. Өкінішке орай, олар көп реттерде қайта салынып, жаңартылғандықтан, олардың алғашқы түрлерін қалпына келтіру тым қиынға түсуде. thumb|250px Анурадхапураға жақын жерде, Михин алқабында оқшау тұрған Катака-четия символикалық күмбезі бар. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі I ғасырға жатады және адам қолы тимегендей алғашқы қалпында сақталған. Осы арадан сондай-ақ бір кезде вахалькалар тұсындағы қабырға текшелерін безендіріп түрған сәндік мүсіндер бөлшектері де табылды. Вахалькалар — күмбездің төрт қүбыласына қараған іргетасқа тірей салған шығыңқы текшелері. Оларға әлем кеңістігінің қақпалары деп символикалық мән берілген және Будда өміріндегі ең маңызды төрт сәтті — тууын, білім алған кезін, буддизм доктринасын тарату ісі басталуын, дұниеден безу арқылы ракатқа шомған кезін (нирвана) бейнелеуге арнаған. Мұның өзі табынуға келген адамның символикалық кұмбезді солдан оңға қарай айналып ізет нышаны (прадакшина) арқылы Буддаға ерекше құрмет жасау орны болған. Орындық тәрізді михрабқа гүлдер, жолды кездеме қиықтары, тамақтар және Будда мен монахтар қауымына арналып әкелінген заттар қойылатын болған; бұлар ешқандай да құрбандық шалу емес, сый-құрмет белгісі ретінде қолданылған. Әрі негізгі, ізгі әрі тым қарапайым, бірақ күшті әсер етерліктей қабырғалар мен текшелерден тұратын, бедерлермен безендірілген сәулеттік-мүсіндік ансамбль де осы жерде кірпіштен қаланған символикалық күмбезден оның өзгешелігі бедерлі әшекейлері тастан жасалғандығында. Кантака-четия текшелері мүсіндік әшекейлерінің көне стильдегідей аса қарапайымдылығы ерекше назар аудартады: мұнда Нагараджидің бірнеше бейнесі салынған, аңдардың мүсіндік бейнелері бар. Текшелердегі аң бейнелері мен өсімдіктер мотивтеріне жұпынылық, сәндік композицияның барынша қарапайымдылығы тән.

Анурадхапурадағы зор монастырьдың жекелеген қүрылыстарында Цейлон өнеріне тән сатылы ордер деп аталатын кірер есік түрі жасалған. Ол көтеріңкі платформа бастайтын сатының өзінен, сатының екі жағына жағалай жасалған таяныштардан, баспалдақ алдындағы жарты шеңберге ұқсас «айлы тас» деп аталатын бөлшектен саты жақтауларының алғы жағындағы баспалдақты екі жақтан қоршайтын бедерлі стелалардан тұрады. Бұл бедерлердің кенередегі текшелермен байланысты екендігі дау тудырмайды. Оларда нагилар патшалары, таза аң бейнесіндегі нагилар, пурнагхаталар деп аталатындар (бүйірі шығыңқы, жемістерге толы құмыралар), ергежейлі-якшалар бейнеленген. Бұлар қүрылыстардың күзетші-қорғаушылары немесе құнарлылық белгілері (әредікте бүл екеулері араласып та жатады), яғни, жартылай құдайлар, буддизмге бағынған және киелі орындардан өзге перілер мен жын-шайтандарды аластау арқылы Буддаға қызмет ететін бір кездегі көне құдайлар. Осылардың бәрі қосылып, үйлердің, оларды мекендеушілер мен оларға келушілердің бейбіт, тыныш өмірін қорғайды. thumb|left|350px Сөйтіп, Буддаға байланысты діни көріністерді есепке алмайтын болсақ, жалпы алғанда бұл жерде Цейлон аралындағы ерте буддалық бейнелеу өнері шығармаларының негізгі бөлегі шоғырланған дерлік. Вахалькадалар сияқты сатылы ордердің бөлшектері де көркемдік және атқарар қызметі жағынан дәл де айқын өңделген жарасымды сәулеттік-пластикалық біртұтас дүние болып табылады.

Сатылық ордердің көркемдік тұрғыдан өте бай безелген бөлігі ретінде және сонымен бірге Цейлонға тән үлгі, буддизммен тығыз байланысты жануарлық және өсімдік символикасы ретінде қабылданатын осынау тастан жасалған кілем тәрізденіп баспалдак алдында жайылып жатқан «айлы тасты» алайық. Әсіресе, Анурадхапураның аман сақталған сегіз «айлы тасы» айрықша елеулі дүние. Бұл сырт тұрқынан қарағанда ені сәл-пәл созылыңқы келген жарты шеңбер, орталық өзегі лотостың жартылай жапырағы секілді, бедерлі жолақтардың соның төңірегіне шоғырланған. Анурадхапурдың «айлы тасындағы» маңызды фриз піл, жылқы, арыстан, бұқа (зебу) болып келетін аңдар тізбегінің қисапсыз қайталауларынан тұрады. Оған көне үнділік және буддалық аңыз әңгімелердегі киелі қаздар-хамсалар шеруі, онан кейін ұйыса өскен көптеген оюлары жалғасады. Осы рет Анурадхапураның «айлы тастарында» тұрақты болып келеді. Бір тас екінші тастан тек болмашы жеке-дара ерекшеліктерімен ғана өзгеше болып отырады. Полоннарува дәуірінде осы үлгі көшірмелері ұдайы қайталанып отырды. Кейініректе барып қана «айлы тастың» көркемдік-сәндік безендірілуі өзгерістерге ұшырады. Зерттеушілер қарамағында мұндай көптеген тастар бар. Алайда, жұмсақ жынысты тастардың беті әбден тозып жүқаруы мүмкін, ал бедерлі әшекейлерді жүзжылдықтар бойына тек гранит қана сақтап қалғаны даусыз.

Цейлон өнеріне мүсіндік-сәулеттік бұл безендірулердің барша элементтері Маурьялар дәуіріндегі ерте үнділік өнерден алынған. Бірақ Маурьялар дәуіріндегі үнді өнері тек жұрнақтар күйінде сақталып, көпшілігі бұдан кейінгі даму белесінде жоғалып кеткен болса, Цейлонда мазмұны мен көркемдік принциптері жағынан ертедегі буддалық творчествосымен тығыз байланысты тхеравада буддизмін біртіндеп әлсірететін, ілгері басқан сайын оны ескі брахманизммен, одан кейініректе индуизммен жақындастыратын қарсы бағыттағы күштер Цейлонда болған жоқ.

Осы себепті де цейлондық тхеравада өнері Будда іліміне бұрынғысынша берілген елдердің өнері үшін үлгіге айналды. Үнді өнері мулде басқа бағытта дамыды; генетикалық байланыстарына ғана қарап және олардың арасында тұрақты қарым-қатынастың болғанына қарап, оған Цейлон өнерін теңестіруге әсте болмайды. Бұл сырттай байланыс қана. Цейлон өнері өзінің дербестік мағына берерліктей мазмұндылығымен және көркемдік бірлігімен, дамудағы жүйелілігімен ерекшеленеді. Оның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия мәдениеті мен өнеріне ықпалы оқта-текте ғана емес, шешуші дәрежеде болды. Бұл жайды осы арада ерекше атаған жөн. Өйткені, тіпті, қазіргі кезге дейін Цейлон өнеріне қосымша түр ретінде ғана, үнді өнерінің шалғай жатқан бір бөлігі деп қана қарап келді. Бұл негізінен алғанда қате пікір. Тхервада буддизмі елеулі роль атқаратын жерлерде Цейлон өнері үлгі ретінде алынған болатын. Осы орайда тек қана Цейлон жерінде гүлдене даму дәрежесін бастан кешкен, ертедегі және жете дамымаған формадағы тхеравада өнері түріндегі осынау үнді өнері жайлы да әңгіме ету әбден орынды болмақ. thumb|350px Үнділік буддалық символикалық күмбездермен генетикалық байланыста болған цейлондық күмбездер тарихи ұзақ даму барысында өзіне тән белгілерге ие болды. Бұрынырақ әңгіме болған монументтік қүрылыстармен бірге, тым ерте кезде-ак аралда көптеген жүзжылдықтар бойында символикалық күмбездердің мүлде басқаша түрі — өзгелермен салыстырғанда кішірек, жартылай шеңбер немесе қоңырау формалы, бірнеше тас колонналар қатарымен қоршалған, төрт жақтан өзімізге таныс баспалдақтармен көтерілетін іргелік қабатқа салынған күмбездер пайда болды. Бұл шағын күмбездер өз мағынасындағы символикалық күмбездер емес, яғни «символикалық күмбез» емес, «күмбез үйлер», олардың тас колонналары тәрізі ағаштан жасалған, күмбез бейнелі шатырларды ұстап түруға арналған.. Мұндай күмбез-үйлер четия-гхара деп аталған; олардың да атқаратын қызметі сол табиғи жартастарда жасалған Үндістандағы ерте буддалық, өнерге тән чайтья залдарының атқаратын қызметіндей. Цейлонда біздер жаңа сәулеттік-көркемдік үлгіде жеке-дара тұрғын құрылыстарды кездестіреміз. Монахтар мен табынушылар оларда әдетте ұзаққа созылатын жаңбырлар кезінде қолайсыз ауа райынан паналайтын болған. thumb|left|350px Көп ретте храм деп есептеп, қате айтылып жүрген мүндай четия-гхаралар Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген буддалық елдерінде кеңінен тараған. Олардың тым ертеректегі формалары Анурадхапурада кездеседі: бүл — кейініректе қайыра салынып, ең алғашқы пішіндері сақталмай қалған Тхупарама мен Ланкарама. Егер Тхупарама алғашқы қалпында четия-гхара болған болса, онда құрылыстардың мүндай түрін біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырларға жатқызамыз және олай болғанда Тхупарама олардың ең көнесі. Полоннарувадағы мұндай типтегі үлгілердің ең бағалысы Ватадага (біздің дәуіріміздің XI ғасыры) болып саналады. Астанадан тыс жерлерде де екі өте әдемі четия-гхара бар: олар —- Полоннаруваның солтүстігінде шамамен жиырма шақырым жердегі Медиригирия мен Цейлонның шығыс жағалауындағы Тринкомалиға жақын жердегі Тирьяй-четия. Бұл қүрылыстардың мерзімі әлі түпкілікті анықталған жоқ. Бірақ, әңгіме бұл типті қүрылыстардың өте гүлденген кезеңі Анурадхапураның кейінгі дйуірі, яғни шамамен алғанда VI—X ғасырлар, туралы болуға тиіс. Цейлон археологиясы үшін аса маңызды бұл қазбалар мен жаңалықтар үшін біздер цейлондық ғалым Сенерат Паранавитанаға қарыздармыз, осы кітапты зор қүрметпен соған арнаймыз. thumb|250px