Григориан күнтізбесі — әлемнің көп бөлігінде қолданылатын күнтізбе. Католик елдерiнде 1582 жылдың 4 қазанында әке Григорий XIII ескi юлиан күнтізбесінің орнына енгiзiлдi. Тропиктік жылға (365,2422 тәулік) келістіру мақсатында Григориан күнтізбелі жылдың ұзақтығын 365,2425 тәулікке теңістіріп, кібісе жылдарды қайта бөлген.

Айлар мен кібісе жылдар нобай|Ай күндерін жұдырықтармен санау. Алақан сүйектері 31 күнді айларды, ал олардың арасындағы шұқырлар 30 күнді айларды белгілейді.|313x313 нүкте Алдыңда қолданыста жүрген Юлиан күнтізбесіндегідей, Григориан күнтiзбесі — күн күнтізбесі, яғни оның ұзақтығы Жердің күн орбитасынан айналғанына сәйкестендірілген. Григориан жылында 12 ай, әрқайсысы 28-31 күн аралығындағы ұзақтықпен жiктеледi:

№ Ай Күндер саны 1 Қаңтар 31 2 Ақпан 28 (4 жылда 1 рет- 29) 3 Наурыз 31 4 Сәуір 30 5 Мамыр 31 6 Маусым 30 7 Шілде 31 8 Тамыз 31 9 Қыркүйек 30 10 Қазан 31 11 Қараша 30 12 Желтоқсан 31 Күнтізбе циклі әр 400 жыл немесе 146.097 күн қайталанады. 400 жылдың 303-і — кәдімгі және 97-і — кібісе жыл. Күнтізбелі жылдың орташа ұзақтығы — күн немесе 365 тәулік, 5 сағат, 49 минут және 12 секунд. Григориан күнтізбесі бойынша, әр 400-жыл және 4-ке бөлінетін, бірақ 100-ге бөлінбейтін жыл — кібісе жыл болып саналады.

Юлиан және григориан күнтiзбелерiн айырмашылығы Юлиан және григориан күнтiзбелерiнiң күндерінің айырмашылығы: Күндер айырмашылығыКезең (юлиан күнтізбесі бой-ша)Кезең (григориан күнтізбесі бой-ша)10 5 қазан 1582 — 29 ақпан 170015 қазан 1582 — 11 наурыз 170011 1 наурыз 1700 — 29 ақпан 180012 наурыз 1700 — 12 наурыз 180012 1 наурыз 1800 — 29 ақпан 190013 наурыз 1800 — 13 наурыз 190013 1 наурыз 1900 — 29 ақпан 210014 наурыз 1900 — 14 наурыз 210014 1 наурыз 2100 — 29 ақпан 220015 наурыз 2100 — 15 наурыз 220015 1 наурыз 2200 — 29 ақпан 230016 наурыз 2200 — 16 наурыз 2300

Мемлекеттердің григориан күнтізбесіне ауысу күндері Юлиан күнтізбесінің соңғы күніГригориан күнтізбесінің бірінші күніМемлекттер/аумақтар4 қазан 1582 15 қазан 1582 Испания, Италия, Португалия, Речь Посполита (Литвалық және Польшаның ұлы княздықтың құрамындағы федерациялық мемлекетi)9 желтоқсан 1582 20 желтоқсан 1582 Франция, Лотарингия21 желтоқсан 1582 1 қаңтар 1583 Голландия, Брабант, Фландрия10 ақпан 1583 21 ақпан 1583 Льеж епископтығы13 ақпан 1583 24 ақпан 1583 Аугсбург4 қазан 1583 15 қазан 1583 Трир5 желтоқсан 1583 16 желтоқсан 1583 Бавария, Зальцбург, Регенсбург1583 Аустрия (бөлігі), Тироль6 қаңтар 1584 17 қаңтар 1584 Аустрия Республикасы11 қаңтар 1584 22 қаңтар 1584 Швейцария (Люцерн, Ури, Швиц, Цуг, Фрайбург, Золотурн кантондары)12 қаңтар 1584 23 қаңтар 1584 Силезия1584 Вестфалия, Америкадағы Испан колониялары21 қазан 1587 1 қараша 1587 Мажарстан14 желтоқсан 1590 25 желтоқсан 1590 Трансильвания22 тамыз 1610 2 қыркүйек 1610 Пруссия28 ақпан 1655 11 наурыз 1655 Швейцария ( Вале кантоны)18 ақпан 1700 1 наурыз 1700 Дания ( Норвегияны қоса), протестанттық неміс мемлекеттері16 қараша 1700 28 қараша 1700 Исландия31 желтоқсан 1700 12 қаңтар 1701 Швейцария (Цюрих, Берн, Базель, Женева)2 қыркүйек 1752 14 қыркүйек 1752 Ұлыбритания және колониялар17 ақпан 1753 1 наурыз 1753 Швеция (Финляндияны қоса)5 қазан 1867 18 қазан 1867 Аляска 1 қаңтар 1873 Жапония 20 қараша 1911 Қытайжелтоқсан 1912 Албания31 наурыз 1916 14 наурыз 1916 Болгария31 қаңтар 1918 14 ақпан 1918 Ресей Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстония1 ақпан 1918 15 ақпан 1918 Латвия, Литва 17 сәуір 1918 1 мамыр 1918 Грузия, Әзербайжан және Армения18 қаңтар 1919 1 ақпан 1919 Румыния, Югославия Одақтық Республикасы9 наурыз 1924 23 наурыз 1924 Грекия18 желтоқсан 1925 1 қаңтар 1926 Түркия17 қыркүек 1928 1 қазан 1928 Мысыр