Анжела Алвановна Инджиголян (1973 жылы) - социология ғылымдарының кандидаты, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің саясаттану және социология кафедрасының аға оқытушысы. 1990 — 1995 жылдар аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік үниверситетінің тарих факультетін бітіріп, "Тарихшы.Әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы" мамандығын алып, 1992 — 1997 жылдар аралығында аталған оқу орнының заң факультетін бітірген. 1997 - 2000 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің саясаттану және социология кафедрасы жанындағы аспирантурада оқып, 2004 жылы "Посткеңестіктегі әлеуметтік білімнің дамуы (Ресей, Кдзақстан)" атты тақырыпта "Мәдениет, рухани өмір әлеуметтануы" мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

6-дан астам ғылыми жобаға қатысқан. Интернет пен ақпараттық технологиялардың Қазақстандағы теңсіздікке әсерін зерттейді. Central Eurasian Studies Society-дің, Қазақстан әлеуметтанушылары Ассоциациясының, Коволевский атындағы Ресей әлеуметтанушыларының қауымдастығының мүшесі. Инджиголян 20-дан астам ғылыми еңбектердің авторы. Солардың ішінде: Интернет әлеуметтануы. Оқу құралы. Алматы, 2006. Қазақстандық Интернет аудиториясының дамуы мен құндылықтық таңдау динамикасы / Интернет пен жаңа ақпараттық технологиялардың Қазақстандағы әлеуметтік теңсіздік құрылымына әсері / Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік құрылымына. Астана, 2004.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Дереккөздер