Гүлнара Аляевна Кенжакимова(1964 жылы) - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің социология кафедрасында екі жылдық стажировкадан кейін үш жылдық аспирантурасын бітірген. Қазіргі уақытта С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде әлеуметтану пәнінің оқытушысы. 50-ге жуық мақалалардың авторы. Мақалаларында қазіргі әлеуметтанудың өзекті мәселелерін зерттеген. Ғылымдағы негізгі жетістіктері: Экономика, саяси, өлеуметтік салалардың индикаторлары мен индикаттарын анықгаған. Әлеуметтік саланы жаңарту бағыттарын ұсынған. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің принциптерін, деңгейлерін, бағыттарын, компоненттерін ашқан. Қоғамды тұрғылықты даму тұрғысынан зерттеген. Қоғамның әртүрлі салаларының индикаторларын зерттеуде мониторингтың рөлін анықтаған. Адам дамуының индексін талқылаған. Қоршаған ортаның жаңа индикаторларын зерттеп, мемлекеттік органдарға ұсыныстар берген.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Дереккөздер

Санат:1964 жылы туғандар Санат:Әлеуметтанушылар