«Алакүшік» — бұл ежелгі халық ойындарының бірі. Ойынды көбінесе жазық алаңда, мектеп ауласында жазғытұрым, күз айларында ойнайды. Ойынға жиналғандар топтасып тұрады да, араларынан біреуі «алакүшік» етіп белгілейді. Олар «Алакүшіктің» назарын өзіне аударуға тырысады. Ал «Алакүшік» ойнаушылардың бірін қолға түсіруге тиіс. Қолға түскен ойыншы «Алакүшік» болады да, бұрынғы «Алакүшік» болған ойыншы, енді ойыншыларды қатарына қосылады. Ойын осылай жалғаса береді.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 Ойын балалардың таза ауада дем алуларына жүгіруге, жылдамдыққа, тез шешім қабылдай білуге, сергектікке үйретеді.Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3

Тағы қараңыз Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі

Дереккөздер

Санат:Қазақтың ұлттық ойындары