Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай (10 сәуір 1978, Бейнеу кенті, Маңғышлақ облысы) — қазақстандық саясаткер, инженер, 2024 жылдан бері Маңғыстау облысының әкімі.

Білімі Алматы теміржол көлігінің инженерлері институтын (1999) «Теміржол көлігі бойынша тасымалды ұйымдастыру инженері» мамандығы бойынша; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2003) «Қаржы және қаржылық құқық» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2009 жылдан).

Еңбек жолы Еңбек жолын Ақтау қаласы "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау тасымалдау бөлімшесінің Маңғышлақ станциясының РЗД-16 станциясында кезекшінің практиканты болып бастаған.

02.12.1999 - 16.10.2000 - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы қызмет, Ресей.

19.10.2000 - 18.12.2000 - "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау тасымалдау бөлімшесінің Маңғышлақ станциясының РЗД "Р" станциясында кезекші, Ақтау қаласы.

21.12.2000 - 08.02.2001 - «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола станциясының кіру жолындағы жүктерді қабылдау-тапсырушысының көмекшісі, Ақмола қаласы.

08.02.2001 - 23.08.2001 - «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола станциясының кіреберіс жолдардағы қабылдау-тапсырушы, Ақмола қаласы.

23.08.2001 - 01.02.2002 - "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астана станциясының кіреберіс жолдардағы жүктерді аға қабылдау-тапсырушысы, Астана қаласы .

01.02.2002 - 12.02.2002 - "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жүк тасымалдары" еншілес мемлекеттік кәсіпорны филиалының Астана станциясының аға жүк қабылдау-тапсырушы, Астана қаласы.

14.02.2002 - 03.07.2002 - "Инфрақұрылым" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының техникалық басқармасының техникалық бөлімінің бас маманы, Астана қаласы.

03.07.2002 - 12.05.2003 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Магистральды темір жол желісі департаментінің Техникалық басқармасының инфрақұрылымдардың техникалық құралдарын модернизациялау бөлімінің бас маманы, Астана қаласы.

12.05.2003 - 06.10.2003 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Техникалық басқармасының қауіпсіз технологиялық процестерді ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Астана қаласы.

06.10.2003 - 05.01.2004 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Техникалық басқармасының қауіпсіз технологиялық процестерді ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, Астана қаласы.

05.01.2004 - 07.02.2005 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Магистральдық желі дирекциясы басқарушысының көмекшісі, Астана қаласы .

07.02.2005 - 01.06.2005 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитетінің экономикалық және тарифтік саясат басқармасының темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдауды жоспарлау және субсидиялау бөлімі бастығының міндетін атқарушы, Астана қаласы .

01.06.2005 - 05.10.2005 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитетінің Экономикалық және тарифтік саясат басқармасының экономикалық талдау, болжамдау және бюджеттік бағдарламалар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, Астана қаласы .

05.10.2005 - 31.07.2006 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитетінің Экономикалық және тарифтік саясат басқармасының экономикалық талдау, болжамдау және бюджеттік бағдарламалар бөлімінің бастығы, Астана қаласы.

31.07.2006 - 28.01.2008 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қатынас жолдары комитетінің Экономикалық және тарифтік саясат басқармасының бастығы, Астана қаласы.

28.01.2008 - 10.10.2008 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің Темір жол көлігі басқармасының бастығы, Астана қаласы .

10.10.2008 - 10.06.2009 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласы.

11.06.2009 - 12.01.2010 - "Вокзал-сервис" акционерлік қоғамының президенті, Астана қаласы .

12.01.2010 - 07.07.2010 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы, Астана қаласы.

07.07.2010 - 29.10.2010 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директоры, Астана қаласы.

01.11.2010 - 10.01.2011 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы, Астана қаласы.

11.01.2011 - 16.09.2011 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы, Астана қаласы.

29.09.2011 - 09.11.2011 - Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі, Астана қаласы.

09.11.2011 - 25.06.2012 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы "Маңғыстау жол бөлімшесі" филиалының директоры, Ақтау қаласы.

25.06.2012 - 19.09.2012 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының міндетін атқарушы, Астана қаласы.

20.09.2012 - 08.08.2013 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы, Астана қаласы.

09.08.2013 - 08.09.2015 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Басқарушы директор-Аппарат басшысы, Астана қаласы .

08.09.2015 - 22.11.2017 - "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (Президенті), Астана қаласы.

24.11.2017 - 06.06.2018 - "Теміржолсу" акционерлік қоғамының президенті, Астана қаласы.

06.06.2018 - 10.12.2018 - "Теміржолсу" акционерлік қоғамының Бас директоры-Басқарма төрағасы, Астана қаласы.

05.12.2018 - 25.06.2020 - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Ақтау қаласы .

26.06.2020 - 02.10.2022 - Ақтау қаласының әкімі, Ақтау қаласы .

03.10.2022 - 24.01.2023 - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Ақтау қаласы.

26.01.2023 - 17.05.2024 - "ӨзенМұнайГаз" АК Бас директоры, Жаңаөзен қаласы.

17.05.2024 - осы уақытқа дейін - Маңғыстау облысының әкімі, Ақтау қ.Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы

Марапаттары «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтой медалі - 17.01.2006 ж., «Ерен еңбегі үшін» медалі - 09.12.2013 ж., «Қазақстан Республикасының конституциясына 25 жыл» мерейтой медалінің иегері - 28.08.2020 ж.

Отбасы Ұлты қазақ. Әкесі - Қилыбай Игілік, теміржолшы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бөлімінің бастығы. Анасы - Қуанышбек Венера, зейнеткер, сауда саласында жұмыс істеген.

Әскери атағы - сержант. Хоббиі - спорт, халықты әлеуметтік жағынан қолдау. Үйленген. Жұбайы - Мұратбаева Баян Мұрлыбекқызы, мамандығы - гинеколог дәрігер. Ұлдары - Игілік Ерасыл, Игілік Нұрасыл Нұрдәулетұлы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Маңғыстау облысының әкімдері