Абд әл-Ғафур әл-Кердери, (Абд әл-Гафурбин Лұқман бин Мұхаммед Әбу-л-Мафахир әл-Кердери; 1166 жылы өмір сүрген) — қазақ даласынан шыққан ғұлама. Әл-Кердери оның кердері руынан шыққанын аңғартады. әл-Гафурбин Лұқман бин Мұхаммед Әбу-л-Мафахир әл-Кердери Бағдат, Басра, Дамаскіде білім алған. Мұсылман заңының, оның ішінде Ислам туы тігілген көптеген өлкелерге кеңінен тараған ән-Нұғман Әбу Ханифа негізін салған мектептің теор. Тұжырым қағидаларын басшылыққа алып зерттеулер мен түсіндірулер жасаумен айналысқан. әл-Гафурбин Лұқман бин Мұхаммед Әбу-л-Мафахир әл-Кердери «Интисар ли Абд Ханифа фи ахбарихи уә ақуалиһи» («Әбу Ханифаның хабарлары мен айтқандарындағы жеңісі»), «Муфид уә мәзид фи шарх ат-Таджрид» («Таджридке (абстактілендіруге) түсіндірме жасаудағы пайдалы толықтыру»), «Шарх «әл-Джамиғ ас-Сағир» («Кіші жинаққа түсіндірме») атты бірқатар кітаптар жазған.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Ислам тұлғалары Санат:Ғалымдар