Бұрынғы атауы №46 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Сырымбет көшесі Б. Момышұлы даңғылынан басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Талғар, Обаған көшелерімен қиылысады. Ұзындығы - 950,1 м.
Сырымбет - Көкшетау қыратының солтүстік-батыс жағындағы үстіртті жазық өңір. Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданының құрамына кірелі. Ұлы ғалым Ш.Уәлихановтың өмірімен байланысты тарихи жерлердің бірі. Ақан сері бұл өңірге арнап өзінің «Сырымбет» әнін шығарған.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері