thumb|right|200px|Лев Семёнович Выготский Лев Семёнович Выготский (17.11.1896, Орша-11.06.1934, Мәскеу) - әлемдік психологияда әйгілі кеңес психологі.

Оның жасаған жоғары психикалық функциялардың дамуында мәдени-тарихи концепциясының теориялық және эмпириялық мүмкіндіктерінің маңызы өте зор. Л. С. Выготскийдің көптеген еңбектері балалар мен педагогикалық, арнайы және клиникалық психологияның өзекті әрі іргелі мәселелерін қамтиды. Ол оқу-тәрбие істерінің бала психикасын дамытуда шешуші қызмет атқаратынын нақты тәжірибелік мысалдармен дәйектейді. Арнайы психология саласында Л.С.Выготский кемтар балаларды оқыту мен тәрбие істерінде тиімді жолдар арқылы елеулі табыстарға жетуге болатындығын ғылыми тұрғыдан ашып көрсетті. Оның зерттеу нәтижелері тек психологияға ғана емес, адамтану ғылымдарына қатысты өзге де ғылыми пәндер болып саналатын: дефектология, тіл білімі, психиатрия, өнертану, этнографияның дамуына пайдалы үлесін қосты. Выготский мектебінің өкілдері (Божович Л.И., Запорожед А.В., Левина Р.Е., Леонтьев А.Н., Лурия А.Р., Эльконин Д.Б.,т.б.) Ғалым жоғары психикалық функциялардың даму заңын негіздеді. Л. С. Выготский тұжырымына сәйкес, олар алдымен баланың ұжымдық тәртібінің түрі ретінде пайда болады, басқа адамдармен ынтымақтастығы, содан кейін ғана олар өзінің жеке функциялары мен қабілеттері болады.

Негізгі еңбектері: «Жақын арада даму аймағы» теориясының жалпы ережелері («Сана және қоғам»), 1976, 6-томдық шығармалар жинағы (1982-1984) "Педагогикалық психология"(1926), "Қылықтар тарихының этюдтары"(1931, Луриямен А.Р. бірге), "Өнер психологиясы"(1965), т.б.Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6

Дереккөздер

Санат:17 қарашада туғандар Санат:1896 жылы туғандар Санат:Оршада туғандар Санат:11 маусымда қайтыс болғандар Санат:1934 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Императорлық Мәскеу университеті түлектері Санат:КСРО психологтары Санат:XX ғасыр психологтары Санат:Мәскеу халық университеті түлектері Санат:Ресей заңгерлері Санат:Марксистер Санат:Ресей психолингвистері Санат:Орыс психоаналитика қоғамы Санат:Лақап есімімен танымал әдебиетшілер Санат:Туберкулёзден қайтыс болғандар Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер Санат:Гомель тұлғалары Санат:КСРО педагогтары