Ержан Мерекеұлы Байтасов (26.11.1972, Алматы қаласы) - «Таң» ТРК президенті. Қазақ.
Өмірбаяны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін (1994) социолог мамандығы бойынша бітірген. Экономика және құқық академиясын (2001) «Салық салу» мамандығы бойынша бітірген. 1994 жылдан - «Отырар» Мемлекеттік сыртқы саудалық компаниясының жетекші маманы. 1995 жылдан - «31 арна» ТРК бірінші вице-президенті. 2007 жылдан бері - «Таң» ТРК президенті.
Марапаттары «Алтын жұлдыз» сыйлығының лауреаты (1996).
Отбасы Әкесі - Байтасов Мереке Мұхамедқалиұлы. Анасы - Байтасова Сүйініш Ахметқызы. Үйленген. Жұбайы - Байтасова Жаннат Ертайқызы (1975 жылы туған), дәрігер-кардиолог. Ұлдары - Нұржан (1995 жылы туған), Әди (2000 жылы туған), Азамат (2005 жылы туған), Шыңғыс (2006 жылы туған).Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:26 қарашада туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Экономика және құқық академиясы түлектері Санат:31 арна қызметкерлері Санат:Таң тРК президенттері Санат:Алтын жұлдыз сыйлығының иегерлері