Владислав Сединович Ли (1957 жылы 7 сәуірінде Гурьев қаласында туған) - банкир. Корей.
Алматы халық шаруашылығы институтын (1982), қаржыгер-экономист; Халықаралық бизнес академиясының (2005), іскерлік әкімшілік ету магистрі мамандығы бойынша бітірген 1982 жылдан - Мембанкі Қазақ Республикасы кеңсесінің жоспарлау-экономикалық басқармасының аға, бас экономисі. 1987 жылдан - Тұрғынүйқұрылысбанкі жеңіл және тамақ өнеркәсібіне кредит беру және қаржыландыру басқармасы бастығының орынбасары, бастығы. 1989 жылдан - «Орталықбанк» акционерлік банкі төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 1995 жылдан – әлеуметтік дамуға несие беру Қазақ акционерлік банкі басқармасының төрағасы. 1997 жылдан - «Тұрғынүйқұрылысбанкі» ЖАҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары.
1998 жылдан бері - «ЦентрКредит банкі» ААҚ басқармасының төрағасы.
Үйленген. 2 баласы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:7 сәуірде туғандар Санат:1957 жылы туғандар Санат:Атырауда туғандар Санат:Қазақстан корейлері Санат:Жаңа экономикалық университеті түлектері Санат:Халықаралық бизнес академиясы түлектері Санат:Қазақстан банкирлері