Николай Васильевич Грезнев 1950 жылы 7 қыркүйекте РКФСР Тамбов облысы Мичурин ауданының Ново-Тарбеево ауылында туған. Орыс. Әкесі - Грезнев Василий Иванович, қайтыс болған. Анасы - Грезнева Наталья Ульяновна, қайтыс болған. Өскемен құрылыс-жол институтының механикапық факультетін бітірген (1978), инженер-механик. 30 өнертапқыштық ұсыныстардың авторы. КОКП мүшесі (1980-1991). 1978 жылдан - Өскемен арматура зауытында инженер-конструктор, бас технолог, бас инженердің орынбасары, партком хатшысы, бас инженер, бас директордың коммерция бойынша орынбасары. 2003 жылдан бері - «Өскемен арматура зауыты» АҚ басқармасының төрағасы. Өскемен қаласының Октябрь аудандық кеңесінің депутаты (1984-1986). Өскемен арматура зауытындағы Жас мамандар кеңесінің төрағасы (1978-1983). Әскери атағы - капитан. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Үйленген. Жұбайы - Грезнева Любовь Ивановна, Үлбі метаплургия зауытында инженер. Қыздары - Вера, Наталья. Немересі - Ярослав.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:1950 жылы туғандар