Гарвард университеті () — 1636 жылы Массачусетс штатының Кэмбридж қаласында Массачусетс заңнамасымен қаланған жекеменшік, Айви Лигасына кіретін зерттеуші жоғары оқу орны. Гарвард АҚШ-тағы
жоғары оқу орындарының ішіндегі ең көнесі және АҚШ-дағы тұңғыш корпорация (ресми президенті және басқа жұмысшылары тағайындалған). Әлемде Гарвардты ең беделді университет ретінде таниды, себебі оның тарихы, ықпалы және жеткен жетістіктері өте жоғары.
Университетке алғаш ақшалай көмек көрсеткендердің бірі Джон Гарвард болғандықтан, университет осы кісінің атымен аталады. Университеттің ресми түрде ешқашан дінге (шіркеуге) байланысы болмаса да, конгрегационалисттер мен унитаристтер даярланған. 18-ғасырда Гарвардтың оқу бағдарламасы дінтану негіздеріне бағытталған, оқушылар осы жүйемен білім алған. 19-ғасырда Бостон элитасының арасында Гарвард дінтанудың мәдени орталығы болып есептелді. Америка Азаматтық соғысынан кейін Гарвардта қырық жыл бойы президент болған Чарлс Уиллием Элиот (1869-1909) Гарвардты орталықтандырылған зерттеу университетіне айналдырып, Америка Университеттері Ассоциациасының құрылтай-мүшесі болу деңгейіне жеткізді. Ұлы Тоқырау мен Екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде Гарвардты басқарып, университетті реформалап, және оқуға қабылдау жүйесін әділ жасаған Жэймс Брайт Конант болды. 1900 жылы Гарвардтың негізгі бакалаврлар даярлайтын колледжі Рэдклиф Колледжімен бірігіп, ұлдар мен бикештерге білім беруді бірлестіруді бастады. 2007 жылы Дрю Гилпин Фауст Гарвардтың ең алғашқы әйел-президенті болып сайланды. Гарвард – әлемдегі ең бай қаржы қоры бар білім институты, 2011 жылдың қыркүйегінде оның қорында $32,4 миллард бар делінген.
Гарвардта он бір білім орталығы – он факультет және тереңдетіп оқытуға бағытталған Рэдклиф Институты - және бүкіл Бостан метрополитені бойынша орналасқан кампустары бар.
Гарвардтың негізгі кампусы Кэмбридж қаласындағы Гарвард Ярдта, шамамен Бостанның солтүстігінде орналасқан. Гарвард Бизнес Мектебі және университеттің спорттық кешендері, оның ішінде Гарвард Cтадионы (Harvard Stadium) Чарльз Өзенінің жағасындағы Олстенде орналасқан, ал Гарвард Медицина Мектебі, Гарвард Тіс емдеу мектебі, және Гарвард Денсаулық мектебі - үшеуі Лонгвуд Медицина және Академия аймағында орналастырылған.
2010 жылдан бастап, Гарвардта орташа есеппен 2,100 ұстаз, 6,700 бакалаврлар және 14,500-дей магистратура студенттері бар. АҚШ-тың 8 президенті Гарвардта білім алған және 150 Нобель лауреаты Гарвардта студент не ұстаз болған. Сонымен қатар, Гарвард әлемнің 62 миллиардерінің альма-матері.
Гарвард Университет Кітапханасы (Harvard University Library) АҚШ академиялық институттары арасындағы ең ірісі және әлемдегі ең үлкен кітапханалардың бірі.
Гарвард Кримсон (Harvard Crimson) "АҚШ-тағы Ұлттық Колледж Спорт Ассоциясында" Айви Лигасы колледждерінің арасында бірінші болып спорттың 41 түрінен жарысқа қатысады. Гарвардтың спорт жарыстарындағы негізгі бәсекелесі – әйгілі Йель университеті, әсіресе "дәстүрлі АҚШ футболынан" - The Game деп аталады. Алайда Гарвард - Йель Регатта (Harvard–Yale Regatta) бәсекелестігі АҚШ футбол бәсекелестігінен де бұрын болған. Гарвард – Йель бәсекелестігіне қарамастан, екі жыл сайын осы екі университеттің Track and Field спорт топтары бірігіп, Британияның атақты Оксфорд және Кэмбридж университеттерінің спорт топтарына қарсы ойнайды. Бұл- дүниежүзіндегі халықаралық деңгейдегі ең көне әуесқой бәсекелестік.
Тарихы
Колониялдық кезең thumb|Гарврад Колледждің гравировкасы, Пол Ревьер, 1767
1636 жылы Масачусетс Бэй Колониясының Жоғарғы және Бас сотының дауыс беруімен қаланып, АҚШ-тағы ең алғашқы жоғары білім беретін университет болып қалыптасты. Басында Нью Колледж немесе Жаңа Қаланың колледжі деп аталып, 1639 жылы наурыздың 13-інде Гарвард Колледжі деп университет атауы өзгертілді. Кэмбридж университетінің түлегі, Лондонның Соузпаркінен келген ағылшын Жон Гарвард өзінің төрт жүз кітабы мен £779 стерлинг қайырымдылық сыйын берген соң (бұл бүкіл байлығының жартысы еді), университетке осы кісінің аты берілді. Гарвард колледждін корпорация ретінде қалыптастыру қаулысы 1650 жылы бекітілді. Алғашқы жылдары Гарвард колледжі көптеген пуритандық дін қызметшілерін оқытатын. Гарвардтағы сабақтар ағылшын университеттерінің дәстүрлі моделдеріне сүйенсе де, колониядағы көшбасшылардың көпшілігі |Кэмбридж Университетін бітірген. Сабақтарында пуритандық философия сақталатын. Гарвард Колледжіне белгілі бір мамандыққа бағытталған атау берілмеген, бірақ колледжді бітірген түлектердің көпшілігі Конгрегаттық және Унитарлық шіркеулерге қызмет етуге баратын. 1643 жылы шыққан брашурада колледждің қаланған себебін "білім беруді дамытып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп және қалыптасқан кертартпа стереотиптерден бас тартумен" түсіндіреді.1685-1701 жылдары Бостон дінбасыларының жетекшісі Инскриз Мазер колледждің президенті болды. 1708 жылы алғашқы дінтанушы емес президент Жон Леверет сайланып, колледждің пуританизмінен тәуелсіз жаңа бастамаға жол ашты.
19-ғасыр Дін және философия Унитарлықтардың белсенділігінен 1805 жылы Гарвард колледжі секуляризацияға ұшырады. 1850 жылы Гарвард "Унитарлы Ватикан" болды. "Либералдардың" (Унитарлықтар) федералдармен байланыс орнатып, құпия орталықтар мен институттар құруды бастағандары олардың жергілікті және саяси биліктерін күшейтіп, Бостон Брахмин (Boston Brahmin) класына жол ашты. Осы қозғалысқа теологиялық консерваторлар баспалық БАҚ-ты және басқа да ашық дебаттарды қолданып, қарсылықтарын білдіріп, демократтардың конгрегаттық дәстүрлер мен республикандық саясатқа қарсы болғанына наразылықтарын білдірді.Neil Brody Miller, "'Proper Subjects for Public Inquiry': the First Unitarian Controversy and the Transformation of Federalist Print Culture", Early American Literature 2008 43(1): 101–1351846 жылы Луиз Агассиздің жаратылыстану лекциялары Нью-Йорк пен Гарвард Колледжінде жоғары дәрежеде бағаланды. Агассиздің ерекше әдісі идеалисттер мен американдықтардың "Алла қолымен жасалған Табиғат" пен "интеллектуалдардың тіршілігін" түсінуге қосқан үлестерінің зор екенін талқылайды. Агассиздің ғылымға көзқарасы егжей-тегжейльі бақылау, интуиция, және жорамалдауды қолданып, Алланың кез келген феноменді мақсат-жоспармен жасағанын баяндайды. Ал тірі жандыларды түсіндірерде Агассиз өз дәлелдеріндегі материялардың пішіндеріне негізделген. Бұндай екі түрлі көзқарас шотландтық Томас Рейд пен Дугалд Стюарттың "Рационалды ойлау ақиқаты" (Common Sense Realism) еңбектерімен байланыстырады, екеуінің де еңбектері Гарвард сабақ оқыту бағдарламасында бар еді. Сол кездері Гарвард кампусында Агассиз бен Платон көп айтылып жазылатын, себебі Гарвард студенттері Агассиз еңбектерінен басқа Ралф Кудуорз бен Жон Норристің Платон трактаттарын (Platonic treatises) және Cэмуйл Колериджтің Қиял көңілі (Romantic vein) деген еңбегін көп оқыған. Гарвард кітапханасының дерегіне сүйенсек, Платон және оның ізбасарларының және осы заманның Қиялшылының әйгілі болғандығы сонша – тіпті классикалық философтар мен деистикалық Шотланд мектебіне тең болған.David K. Nartonis, "Louis Agassiz and the Platonist Story of Creation at Harvard, 1795–1846", Journal of the History of Ideas 2005 66(3): 437-449, in JSTOR
Президент Чарлс Эллиот 1869-1909 жылдары сабақ бағдарламасынан християндықты алып тастап, әр студентке қалаған пәнін оқуға жол ашты. Эллиот Америка университеттерінің секулеризациясына ықпалы зор болғанымен, секулеризация оның басты мақсаты емес еді, ол трансценденталистік унитарлыққа бүкіл жүрегімен сенген және бар жігерін осыны жасауға бағыттаған. Ол бұл сенімді Уиллиэм Эллери Чанниң пен Ралф Уалдо Эмерсеннен алған. Осы сенім бойынша, әр адам баласының ішкі дұниесінде Құдай бар, әр адамның ақиқатқа құқығы бар, және, ең бастысы, әр адам құнды, бағалы, әрі абыройлы өмір сүруге хақы бар делінеді.Stephen P. Shoemaker, "The Theological Roots of Charles W. Eliot's Educational Reforms", Journal of Unitarian Universalist History 2006–2007 31: 30-45,
20-ғасыр thumb|right|290px|1906 жылы акварельмен салынған Бостонның оңтүстік шығыс пейзажы."Arader Galleries Iconic College Views", Rummell, Richard, Littig & Co. 1915
20-шы ғасырда, Гарвардтың қаржы қоры өсіп және атақты профессорлары көбейген сайын, университеттің халықаралық аты ұлғая берді. Магистратура және бакалавр студенттердің саны ұлғайды. 1879 жылы Редклифф Колледжі Гарвард Колледжінің филиалы болып, Американың бикеш колледждерінің ең атақтысының біреуіне айналды.
Оқуға қабылдау өзгерістері Джейс Брайт Конант (президент, 1933-1953) ғылыми-зерттеу жүргізетін институттар арасында стипендиялық силықтар ұсынуды іске қосты. Ол жоғарғы білімді байлардың ғана мүмкіндігіне емес, кез келген талант, қабілеті бар жастың мүмкіндігі ретінде қарастырғандықтан, ол талантты жастарды анықтау мен қолдау жұмысына көп үлес қосты. 1943 жылы Конант өзінің жұмыскерлеріне мектептегі және жоғарғы оқу орындарындағы орташа білім қандай деңгейде болу керек екендігін анықтауды тапсырды. Осы тапсырма бойынша, 1943 жылы шыққан баяндама аясында Америка білім беру тарихындағы ең маңызды манифесттерінің бірі болып табылады.Anita Fay Kravitz, "The Harvard Report of 1945: An historical ethnography", Ph.D. dissertation, University of Pennsylvania, 1994, 367 pages; AAT 9427558
1945-1960 жылдар арасында жаңа студенттер қабылдау ережелерін өзгерте отырып, қабылданатын түлектер жан-жақты болуды енгізді. Енді унивеситет тек Жаңа Англияның бай отбасыларынан шыққан жекеменшік мектептерде оқыған оқушылар ғана емес, орташа және басқа да отбасыларда тәрбиеленген мемлекеттік мектептерді бітірген оқушылар да Гарвардта білім алуға мүмкіндіктері пайда болды: алайда Еврейлер мен Католиктердің қабылдануы Афроамерикандықтар, Азияттықтар мен Испандықтарға қарағанда әлде-қайда көп болды.Malka A. Older. (1996). Preparatory schools and the admissions process . The Harvard Crimson, қаңтар 24, 1996
Бикеш студенттер Бикештер Редклиффте бөлек оқығандары мен, Гарвардтың өзінен дәрс алған. Осыған қарамастан, Гарвардтағы студенттердің көпшілігі ер адамдар болды. 1977 Гарвард пен Редклиффтің бірігунен кейін бикештердің-студент саны көбейіп, бүкіл Америкадағы университеттердегі бикеш-оқушыларының көдейуіне әсер етті. Гарваттың магистратура бағдарламасы да туры осындай өзгерістерден өтті.
1999 жылы Редклифф Колледжі (1879 "Harvard Annex for Women" деп құрылған) ресми түрде Гарвард Университетімен бірігіп, Редклифф Терең Білім Беру Институты (Radcliffe Institute for Advanced Study) болып өзгертілді. Редклиффте декан болған Дрю Гилпин Фост (Drew Gilpin Faust) Гарвардтың алғашқы бикеш президенті болып сайланды.
thumb|Гарвард ярд ("Holyoke Centerден" түсірілген)
Либерализм Гарвардта және оның фиалдарында - көп деген Америка университеттері - саяси көз-қарас либералды болып есептеледі. . Консерваторлар арасынан шыққан жазушы, Уиллиэм Ф. Баклей Кіші, Гарвардтың лебералды басқармасын жақтырмағанын ашық білдірген, ал Ричард Никсон, 1970 жылдары, Гарвардты критика түрінде оны "Чарлс өзенінің Кремлі" деген, және 1988 жылы вице президент болған Джордж Буш сол жылы өткен сайлудың нашар болуының себебі Гарвадтың либерализмінің ықпалы деп нәтижелеген.
Гарвардтың профессор-жұмысшылары арасында Республикандықтар өте кішкентай пайызын құрайды, және әскери тренингтен (ROTC) өту үшін студенттер қасында орналасқан МТИ-ға (MIT) барады.
Гарвард Колледж анықтама кітабында гей, лезбиандыр мен бисексуалдарға әскерге баруға болмайтын заң Гарвард құндылықтарымен сәйкес емес және адам құқықтарының дискриминациясы деп түсіндіреді. "Harvard College Handbook (dead link|date=қазан 2011), page 59.
2011 жылы Гарвард әскери тренингісі "Don't ask, don't tell" заңы бойынша жұмыс істейтінін жариялады. Bombardieri, M. (2005). Summers' remarks on women draw fire . The Boston Globe, қаңтар 17, 2005."Faust Expected To Be Named President This Weekend," The Harvard Crimson, 8 ақпан 2007"Harvard names Drew Faust as its 28th president," Office of News and Public Affairs, 11 ақпан 2007
Ұйымдастырылуы мен Администрациясы