Xacaн Алдахов (1920-1981, Атырау облысы). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Мәскеу мұнай институтын бітірген (1953). *1945-1946 жылдары - «Ембімұнай» бірлестігі Құлсары мұнай кәсіпшілігінде мұнайды есептейтін техник. 1946-1948 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы Жылыой аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1953-1958 жылдары - «Қазақстанмұнайбарлау» тресі бұрғылау кеңсесінде бұрғылау шебері. 1958-1961 жылдары - «ММГБ» тресі Төбежік барлауының бастығы, Жетібай мұнай барлауында аға инженер, бастық. 1961-1969 жылдары - Прорва бұрғылау кеңсесінде бұрғылау учаскесінің бастығы. 1969-1981 жылдары - Өзен ГБЭ өндірістік-диспетчерлік қызметінде аға инженер және Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасында ауысым бастығы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары