Eрмек Бекеев (1933, Ақтөбе облысы) - Қазақ КСР-інің Еңбек сіңірген мұнайшысы (1966).

Қызмет жолы 1949-1952 жылдары — Жақсымай мұнай өндіру кәсіпшілігінде байланыс монтерінің шәкірті. 1952-1956 жылдары — Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген. 1956-1957 жылдары — «Қазақстан мұнай» бірлестігінің байланыс кеңсесінде монтер. 1957-1964 жылдары — Шұбарқұдық мұнай өндіру басқармасында электрмен дәнекерлеуші, оператордың көмекшісі, мұнай өндіру операторы. 1964-1988 жылдары — Балықшы барлау бұрғылау басқармасы Мұғалжар маңы мұнай барлау экспедициясының Кеңқияқ алқабында бұрғышының көмекшісі. 1988 жылдан зейнеткер.

Марапаттары «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұнайшылары Санат:Қазақстан мұнайшылары