Петр Егорович Корсун (1931, Ресей). Грозный мұнай техникумын бітірген (1956). 1956-1957 жылдары - «Қазмұнайбарлау» тресі Төбежік-Құсайынық геологиялық-іздеу кеңсесінің крелиустік барлау техник-геологы. 1957-1984 жылдары - «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресі геологиялық- іздеу кеңсесінің мұнайбарлау аға геологы, бас геолог, картирлеу партиясының бастығы, бөлімінің аға геологы, тақырыптық партиясының бастығы. 1984-1998 жылдары - «Маңғыстаумұнайгеофизика» АҚ-ы геологиялық бөлімінің бастығы, бас геологы. 2001 жылдан «Оптимум» НЭКФ бас геологы. Өзен кен орнын алғаш ашқан. «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдармен және КСРО Геология министрлігі және Қазақ КСР Құрмет грамоталарымен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары