Анисимов Федор Семенович (1897-1967, Горький облысы). Мәскеу кен академиясын бітірген (1924). 1914-1918 жылдары - Гурьев ояздық қазына мекемесінде көшіріп жазушы, қосалқы кәсіпорындар Қоғамында кеңсеші. 1918-1919 жылдары - Орал қаласындағы Николаев полкіндегі әскери қызметін өтеген. 1920-1939 жылдары - Орал-Ембі ауданындағы мұнай өнеркәсібі Басқармасында бухгалтердің көмекшісі, мұнай жұмыскерлері кооперациясы Басқармасында есепші, «Ембімұнай» тресінде, Доссор кәсіпшілігінде техник-барлаушы, геологиялық-барлау кеңсесінің жоспарлау бөлімінде техник-нормалаушы, экономист, бөлім бастығы, Доссор бұрғылау кеңсесінде жоспарлау бөлімінің бастығы. 1939-1959 жылдары - «Қазақстанмұнайбарлау» бірлестігінде жоспарлау белімінің бастығы. Ленин орденімен марапатталған (1952). Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар