Досмұхамбетов Жолдасқали (1916—1977, Атырау облысы). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұнайшысы (1966). Ленин атындағы сыйлықтың (1966), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1995). КСРО-ның Құрметті мұнайшысы. Мәскеу мұнай институтын (1940), КСРО Мұнай өнеркәсібінің Мәскеу академиясын (1953) бітірген. 1940-1942 жылдары — Байшонас мұнай кәсіпшілігінде бас геолог. 1942-1943 жылары — «Ембімұнай» комбинатында бас геологтің орынбасары. 1943-1947 жылдары — Байшонас МКБ-ның директоры. 1947-1950 жылдары — «Қазақстанмұнайбарлау» тресінің бастығы. 1950-1951 жылдары — Мақат мұнай өндіру кәсіпшілігінде бас геолог. 1953-1954 жылдары — Құлсары мұнай өндіру кәсіпшілігінің директоры. 1954-1971 жылдары — «Қазақстанмұнай» бірлестігінде бас геолог, бастық. 1971-1977 жылдары — «Ембімұнай» комбинатының бас геологі. Ленин орденімен, Октябрь Революциясы, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісің ордендерімен және медальдармен марапатталған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланған. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер

Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1916 жылы туғандар Санат:1977 жылы қайтыс болғандар