Геннадий Иванович Пономарев (1928-1992, Атырау қаласы) - КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі.

Мәскеу мұнай институтын бітірген (1962). 1948-50 жылдары - Қошқар мұнай өндіру басқармасында бұрғылау техник-механигі. 1950-1953 жылдары - "Прорва" МАБ бас механигі, «Жетібаймұнай» өндірістік қамтамасыздандыру базасының басқарма бастығы. 1978-1988 жылдары - «Маңғышлақмұнай» технологиялық автокөлік және арнайы техникалық-өндірістік бөлімі басқармасының бастығы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медалдармен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:1928 жылы туғандар Санат:1992 жылы қайтыс болғандар Санат:Атырауда қайтыс болғандар Санат:КСРО мұнай өндіру ісінің үздіктері Санат:Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті түлектері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері