Mұрат Саламатов (1942-1999, Жамбыл облысы). ҚазПТИ-ді бітірген (1966). 1959-1961 - «Ақтөбемұнайбарлау» тресі МБЭ-нің бұрғылау жұмысшысы, жоғарғы жүмысшысы, бұрғышы көмекшісі. 1967-1973 - «Өзенмұнай» № 2 ҒТД АИТҚ мұнай өндіру шебері, бастығы. 1973-1975 - Қазақстан КП Маңғышлақ облыстық комитетінің өнеркәсіп бөлімі нұсқаушысы, 1-ші хатшының көмекшісі. 1975-1979 - «Жетібаймұнай» МГӨБ бастығы. 1979-1981 - Қазақстан КП ОК ауыр өнеркәсіп бөлімінің нұсқаушысы. 1981-1986 - «Маңғышлақмұнай» ӨБ бас директорының орынбасары. 1986-1988 - Құмкөл орнын жайластыру жөніндегі бас директордың орынбасары. 1988- 1991 - «Қүмкөлмұнай» МГӨБ бастығы, «Маңғышлақмұнай» ӨБ бас директорының орынбасары. 1991-1994 - «Оңтүстікқазмұнайгаз» ӨБ бірінші бас директоры. 1994-1995 - «Мұнайгаз» МХК президенті. 1995-1997 - ҚР мұнай және газ өнеркәсібі министрінің 1-ші орынбасары. 1997 жылдан бастап - «Қазақойл» ҰМК бірінші вице-президенті.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары