Жібек Берғалиқызы Сегізалиева (2.02.1925, Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор) - мұнайшы. Кеңестік және қазақ мұнайшысы, мұнай өндіру операторы. Доссор мұнай кәсіпшілігінің бірінші операторы. Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің кавалері. Сегізалиева Жібек Берғалиқызы 1925 жылы 2 ақпанда мұнайшы отбасында дүниеге келген. 1943 жылы Мақаттағы мектепті бітірді. 1943-1976 жылдары Доссор мұнай кәсіпшілігі басқармасының операторының көмекшісі, операторы.
1953-1957 жылдары Бүкілодақтық кәсіподақтар орталық кеңесінің мүшесі. 1959-1962 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1976 жылдан Қазақстан Республикасының жеке зейнеткері.
Сегізалиева Жібек 12 рет облыстық партия комитетінің мүшесі болып сайланды, бірнеше рет Қазақстан Компартиясы съездеріне делегат, Республикалық кәсіподақтар кеңесінің мүшесі болып сайланды. КСРО әйелдерінің бірінші съезінің делегаты.
Еңбек жолы Мақат ФЗО мектебін бітірген (1943) 1943-197б жж. Доссор мұнай өңдіру кәсіпшілігінде оператор көмекшісі, оператор. 1976 жылдан бастап-зейнеткер.
Қоғамдық жұмысы 5-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1959) Қазақ Кәсіподақтар пленумының мүшесі (1953-1957).
Марапаттары Ленин ордені Еқбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Есте сақтау керек
Санат:2 ақпанда туғандар Санат:1925 жылы туғандар Санат:Мақат ауданында туғандар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Еңбекте үздік шыққаны үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл медалінің иегерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:Атырау облысының құрметті азаматтары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері