Серго Дүтбаев - (1937 жылы, Атырау облысында туған). Мәскеу мұнай институтын бітірген (1959).

1959-1964 жылдары — Таңатар мұнай өндіру бөлімшесінде оператор, екінші қайтара мұнай өндіру цехының шебері, мұнай өндіру шебері, аға бұрғылау инженері.

1964-1970 жылдары — Қарсақ мұнай кәсіпшілігінде ұңғыларды күрделі жөндеу цехының бастығы, аға инженер, Байшонас мұнай кәсіпшілігінің меңгеруші.

1970-1974 жылдары — «Мақатмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының Орталық инженер-технология қызметінде бастық, «Құлсарымұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында, «Кенқияқ» мұнай-газ өндіру басқармасында бас инженер.

1974-1984 жылдары — «Доссормұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында, «Ембімұнай» өндіріс бірлестігінің техника бөлімінде бастық.

1984-1986 жылдары — «Құлсарымұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы.

1986-1995 жылдары — «мұнайгаз» өндірістік бірлестігінде серіктестік бастығы, кейіннен «Теңізмұнайгаз» акционерлік қоғамының мұнай өндіру жөніндегі өндіріс-техника бөлімінің бастығы.

1995-2004 жылдары — «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының техника бөлімінің бастығы.

2004 жылдан «мұнайшың қоғамдық қоры Қамқорлық Кеңесінің мүшесі.

2004 жылдан - зейнеткер. «Еңбектегі ерлігі үшін» т.б. медальдармен марапатталған. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар