Секциялап бекіту - ұңғыманың бұрғыланған оқпанын шегендеу бағанасының екі немесе одан да көп бөліктері (секциялары) арқылы бекіту тәсілі. Терең жене аса терең барлау және пайдалану ұңғымаларын бұрғылағанда, түсірілетін бағананың жалпы массасы бұрғылау қондырғысының жүк көтергіштігі мен шегендеу құбырларының бұрандалы біріктірулерінің беріктігінен жоғары болғанда, сондай-ақ бағананың жоғарғы бөлігі тозғанда (шарпылған күйде болғанда), үгілуге, жылжуға бейім босаң таужыныстар бұрғыланғанда және секциялық тізбектердің бір-біріне жалғану орнын бекіткенде қолданылады.

Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер

Санат:Мұнай